• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес 23 Қаңтар, 2026

Айыппұлсыз жыл: Биыл шағын бизнеске жеңілдік берілді

21 рет
көрсетілді

Президент тапсырмасына сәйкес 2026 жыл шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең болады. Салық есептілігіндегі қателіктер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шешім Президенттің тапсырмасымен қабылданды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, басты мақсат – кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі мен цифрлық сервистерге оңай бейімделуге мүмкіндік беру.

Олжас Бектенов: Шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалады

Осы жеңілдіктің нәтижесінде жыл басынан бері:

- 454 мың салық төлеуші жеңілдетілген декларацияға өтті;

- 138 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған;

- 7 мыңнан астам компания қосылған құн салығын төледі.

Айта кетейік, жауапкершілік табыстарды қасақана жасырған кәсіпкерлерге ғана қолданылады.

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Соңғы жаңалықтар