Бурабай баурайындағы жергілікті отельдердің бірінде жұмыс істейтін 50 жасар әйел өзінің аңқаулығынан алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоғары дивидендтер арқылы инвестициялық платформадан көп қаражат табуға болады деген ақпаратқа сеніп қалған әйел 2 млн теңге несие рәсімдеген.
Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды
Сонымен қатар ол екі әріптесін де осылай қаражат табуға үгіттеген. Нәтижесінде табыс табу былай тұрсын, банк алдында белшесінен берешек болып қалды.
Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр: «Құпия Санта» ойын ба әлде тұзақ па?
Қазір құқық қорғау органдары жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бүгінде интернет-алаяқтық сан құбылып тұр. Кез келген «инвестициялық жобаға» ақша салмас бұрын оның лицензиясын тексеру – қаржылық қауіпсіздіктің басты шарты.