• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 18:20

Атырауда сот шешімімен мінезі шәлкес 20 адамға ерекше талап белгіленді

10 рет
көрсетілді

Атырау облысында жыл басынан бері 102 арнасына отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 100-ден астам хабар түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті полицейлер отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шарасын күшейтті.

«Облыс аумағында 27 қаңтардан бері тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осы шара аясында №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге жанжал жиі болатын отбасыларды тексеріп, профилактикалық жұмыс жүргізуді қолға алды. Өйткені жыл басынан бері 102 арнасына 100-ден астам хабар түсті. Тексеру нәтижесінен соң 79 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды. Сот шешімімен 20 азаматқа мінез-құлқына қатысты ерекше талап белгіленді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар