• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 12:19

Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?

10 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік мұнай нарығындағы негізгі ойыншылар тек жер қойнауындағы байлығымен ғана емес, сол ресурсты игеру қабілетімен де ерекшеленеді. Egemen.kz назарларыңызға мұнай қоры ең көп елдердің тізімін ұсынады.

Energy Institute пен ОПЕК-тің мәліметтеріне сүйенсек, мұнай қоры ең көп 15 елдің арасында Венесуэла абсолют көшбасшы (300 млрд баррельден асады). Алайда өндіріс көлемі ең төмен елдердің қатарында тұр. Қағаз жүзінде мұнай 1 000 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін, ал іс жүзінде бәрін инвестиция, технология және саясат шешеді.

Сауд Арабиясында сирек кездесетін тепе-теңдік: орасан зор қор мен жоғары өндіріс қатар жүреді. Осы себепті ел әлемдік мұнай нарығының негізгі реттеушілерінің бірі болып қала береді.

Иран, Ирак, БАӘ, Кувейт − мұнай қоры мол мемлекеттер. Дегенмен әрқайсысы өз шектеулерімен бетпе-бет келіп отыр: санкциялар, инфрақұрылымның әлсіздігі, ОПЕК квоталары.

АҚШ-та мұнай қоры аса көп емес, бірақ өндіріс көлемі максималды деңгейде. Қазіргі қарқынмен есептегенде мұнай шамамен 7 жылға ғана жетеді. Тақтатас мұнай моделі – жылдам өндіріс, бірақ қысқа мерзімді ресурс.

«Теңіз» кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

Ресейдің қоры да, өндірісі де жоғары. Соған қарамастан қазіргі деңгей сақталса, ресурстық «қауіпсіздік жастығы» шамамен 20 жылға жетеді.

Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан қоры салыстырмалы түрде шағын болғанымен, ірі жобалардың (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) арқасында өңірлік деңгейде әрі ОПЕК+ аясында маңызды ойыншы саналады.

КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды

Соңғы жаңалықтар