Аталған облысқа қарасты Амангелді ауданының Қабырға ауылдық округінде барлық сауда орындары алкогольдік өнімдерді сатудан ерікті түрде бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, ауылдағы дүкен иелеріне түсіндіру жұмысы жүргізілген. Келіссөздерден кейін кәсіп иелері бұл шешімді бірауыздан қолдап, ішімдік сатуды өз еркімен тоқтатуға келісті.
Абай облысында бүтін бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Қабырға ауылында 214 тұрғын бар екен. Бастамаға ауыл тұрғындары қолдау білдірді. Сауалнама қатысушылардың барлығы ауылда алкогольді өнімдерді сатуға тыйым салуды қолдайтынын анықтады.
Қарағанды өңірінде тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Бастама толығымен жүзеге асқан алғашқы ауылдық округтердің бірі – осы Қабырға ауылы болды. Аудан прокурорымен жеке кездесуде ауылдың тұрғындары шешімді қолдайтындықтарын жеткізді. Соңғы 3 жылда ауылда ішімдік ішуге қатысты бірде-бір қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық тіркелмеген екен.
Қостанай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты