Ертең, 2026 жылғы 27 ақпан күні астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2026 жылғы 27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты үшінші күн қатарынан бірінші ауысымның 0-9 сынып-оқушылары онлайн оқыды.
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады