«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республика бойынша ортақ табиғи құбылыстарға желдің екпін алуы, жаяу бұрқасынның жүруі, тұман, көктайғақтың, батыста шаңды дауылдың болуы жатқызылады.
Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады