Түркия аспанында баллистикалық зымыран жойылды. Елдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыран Иран аумағынан ұшырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркия билігі жауап шараларын қабылдау құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.
РБК агенттігінің мәліметінше, Түркия Қорғаныс министрлігі елдің әуе кеңістігінде баллистикалық зымыран атып түсірілгенін хабарлады.
Ведомствоның дерегінше, зымыран Ирак пен Сирия аумағы арқылы бағыт алған және Шығыс Жерорта теңізінде орналастырылған НАТО әуе қорғаныс жүйелері арқылы сәтті түрде жойылған.
Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?
Сондай-ақ, «РИА Новости» порталының хабарлауынша, зымыран ел аумағына құлағаннан кейін Түркия президенті әкімшілігі Иран төңірегіндегі шиеленістің күшеюі аясында жауап шараларын қолдануға дайын екенін мәлімдеді.
Иран төңірегіндегі шиеленіс: Мұнай бағасы ай басынан бері шамамен 24%-ға өсті