• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Таным Бүгін, 10:15

Сыйлыққа да талғам керек

10 рет
көрсетілді

8 наурыз – көпшілік үшін мерекелік көңіл күй сыйлайтын күн болса, кәсіпкерлерге сауда жанданып, табыс артатын кезең. Арулар мерекесі қарсаңында сыйлыққа сұраныс өсіп, гүл, әшекей бұйымдары мен косметика сатылымы артатыны белгілі.

Wildberries жүргізген зерттеуге сәйкес, ел азаматтары мерекеде бұрын-соңды болмаған, тосын сый жасауды қолай көреді. Сатып алушылардың 49%-ға жуығы құттықтауға орта есеппен 15–40 мың теңге аралығында қаржы жұмсауды көздейді. Сыйлық ретінде ең сұранысқа ие санаттарға дәстүрлі түрде гүл (52%), косме­тикалық өнімдер (44%) кіреді. Сонымен қатар мына тауарлар да тізімде көш бас­тап тұр: тұрмыстық тауарлар – 43%, парфюмерия – 31%, кондитерлік өнімдер – 29%, символикалық сыйлықтар (құттықтау хаттары) – 26%, хоб­би тауарлары – 19%, зер­гер­лік бұйымдар мен аксессуарлар – 17%.

Wildberries сарапшылары дәстүрлі тауарлардан бөлек, ақпан айының аяғына қарай технологиялық және практикалық сыйлықтарға деген қызығушылықтың артқа­нын айтады. Жаңа тауарлар­дың ішінде камерасы мен аудармашысы бар смарт-көзіл­­діріктер, аэрогрильдер мен шы­­ғар­машылық жиынтық бар.

Мерекелік сұраныстың өңірлік сипаты да әркелкі. Абай облысында парфюмерияға қызығушылық алты есе артса, Астана қаласы, Ақмола және Қостанай облыстарының тұрғындары тұрмыстық тех­ни­каға басымдық берген. Бұл өңірлерде нан пеші мен мультиваркаға тапсы­рыс көлемі екі есе көбей­ген. Ал Павлодар облысы сұлу­лыққа арналған құрыл­ғылар санатында алға шы­ғып, фото­эпиляторға сұра­ныс былтырғы кезеңмен салыс­тырғанда 125% өскен. Жам­был облысында үй тұрмы­сына қажетті тауарларды жаңартуға қызығушылық жоғары болса, елдің солтүстік және шығыс аймақтарында мерекеге орай зияткерлік сыйлықтарға сұраныс артып, шет тілдеріндегі кітап сатып алу көлемі 40% ұлғайған.

Жоғарыда айтқандай, мереке қар­саңында сұра­ныстан түспейтін бас­ты сыйлық – гүл. Ұлттық ста­ти­с­­тика бюросының мәлі­ме­тін­ше, 2024 жылы еліміз сомасы 93,5 млн долларды құрай­тын рекордтық 12,3 мың тонна кесілген гүл им­порт­таған. Еліміз­ге гүлді ең көп экспорттаған елдер – Эквадор, Нидер­ланд, Қытай, Колумбия, Кения. Бұл елдерден раушан, қыз­ғалдақ пен лалагүлдердің ең таны­мал сұрыптары әкелінген.

Сұраныс өсімі импорт көлемі емес, ішкі нарықта да байқалады. Отандық фермерлер кейінгі жылдары өзіндік өнімдерді өсіріп жатыр. Өткен жылғы мерекеде жылыжайларда 33 млннан астам гүл өсірілген. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Осылайша, мереке қар­саңында отандық өндірушілер де белсенді қосылып, нарық­тың шетелдік өнімдерге тәуелділігін төмендетеді.

Демек, мерекенің өзін экономикалық фактор деп есеп­теуге болады. Осы уақыт­та бөлшек сауда айналымы айтарлықтай өсіп, шағын бизнеске қосымша кіріс әкеледі. Іс жүзінде бұл қысқамерзімді болғанмен, сауда мен қызмет көрсету секторына қуатты серпін береді.

Соңғы жаңалықтар