• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:13

Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды

10 рет
көрсетілді

АҚШ пен Иранның он күннен бері жалғасып жатқан соғыста 150-ге жуық америкалық әскери жараланған. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады. Бұған дейін Пентагон тек 8 адам ауыр жарақат алғанын ғана ресми түрде жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пентагонның мәлімдеуінше, әскерилердің көпшілігі жеңіл жарақаттар алған.

«Эпик Фьюри операциясы басталғаннан бері 10 күн ішінде шамамен 140 АҚШ сарбазы жарақат алды», деді Пентагонның баспасөз хатшысы Шон Парнелл.

Оның айтуынша, жарақат алғандардың 108-і қызметке қайта оралған, ал 8 ауыр жарақат алған сарбаз жоғары деңгейдегі медициналық көмек алып жатыр.

«Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды

Иран 28 ақпаннан бері АҚШ әскери базаларына, сондай-ақ араб шығанағы елдеріндегі дипломатиялық миссияларға, қонақ үйлер мен әуежайларға, мұнай инфрақұрылымына қарсы жауап соққыларын орындады. Пентагон мәліметінше, қазір Иранның соққылары айтарлықтай төмендеген, себебі АҚШ әскери күштері Иранның қару қорын және шектеулі зымыран ұшыру құрылғыларын нысанаға алып отыр.

Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады

Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр, ал жарақат алған сарбаздардың саны күн сайын жаңартылып отыр.

Иранда жұмыс істейтін тағы 7 отандасымыз елге жеткізіледі

Соңғы жаңалықтар