Медицина • Бүгін, 19:48

Шымкент тұрғындары жыл сайын АИТВ-ға тексеруден өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурыз АИТВ-мен ауыратындарды кемсітпеуге бағытталған «Дискриминацияға ноль» күні. ЮНЭЙДС бастамасымен қолға алынған бұл күн әлемде 12 рет аталып өтіп жатыр. Биылғы жылдың ұраны – «Ең алдымен адамдар», деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент тұрғындары жыл сайын АИТВ-ға тексеруден өтеді

АИТВ-мен ауыратындардың құқығы Конституциямен, сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекспен қорғалған. АИТВ-мен күрес шарасында «Белгіленбейтін – берілмейді» (Н=Н) ұстанымы қолданылады. Оған сәйкес, АИТВ-мен өмір сүретін, антиретровирустық терапияны қабылдайтын және вирустық жүктемесі төмен адам вирусты жыныстық серіктесіне жұқтыра алмайды. Тұжырымдама әлемдік ғылыми зерттеулер арқылы толығымен дәлелденген.

Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді

ЮНЭЙДС Қазақстанда «95-95-95» стратегиясын iске асыру үстінде. Ол АИТВ инфекциясының алдын алуға, тестiлеу мен емдеудi және күтiмдi қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде АИТВ-сы бар адамдардың 86%-ы өз мәртебесін біледі. 92%-ы антиретровирустық терапия (АРТ) қабылдайды. Ем алушылардың 94%-ында вирустық жүктеме төмендеген.

Жаңа алгоритм АИТВ-ны бірнеше секундта анықтайды

Шымкент қаласында алдын алудың инновациялық түрі – байланысқа дейінгі әдіс енгізілген. Бүгінде 1 мыңнан астам адам осы әдісті қолданады. Жыл сайын халықтың біраз бөлігі АИТВ-ға тесттен өтеді. Оның аясын кеңейту мақсатында экспресс-тестілеу қоғамдық ұйымдарда өткізіле бастады.

Қазақстанда 2026 жылдан бастап АИТВ-ға қарсы инновациялық препарат қолданылады

Айта кетейік, АИТВ-сы бар әйелдердiң 98%-ы денi сау бала туады. Сондай-ақ науқастарға диагноз қойылғаннан кейін антиретровирусты препараттар бірден тағайындалады. Дәрілердің барлығы да қолжетімді және тегін.

Соңғы жаңалықтар