• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 10:10

Шапандар шеруі

10 рет
көрсетілді

Осыдан төрт-бес жыл бұрын шығар, шапан кигендер ерекше­леніп көрінетін. Оюлы шапанды Наурызда бір киеміз деген секілді әзіл-шыны аралас пікір де жиі айтылар еді. Қазір өзгерді. Руханият пен мәдениеттің діңгегі бекіп келеді. Басқа жақты білмедім, Шығыста оюлы киім сәнге айналды. Өскемендегі атшаптырым сауда үйлерінің бірінде ұлттық киім шеруі ұйымдастырылып, салтанатты шапандардың дефилесі өтті.

Бұл мерекені сауда үйінде өткізудің де мәні бар. Неге десеңіз, кісі қарасы қалың. Халықтың көбі кешкі астарын ішуге, кино көруге, сауда-саттықтарын жасауға осы жаққа ағылады. Сөйте жүріп ұлттық киім көрмесін көре қайтады. Қала басшылығы осыны ескеріп, рухани, мәдени шараларды ара-тұра сауда орталықтарында өткізіп тұрады.

– Әз Наурыз қарсаңында түрлі іс-шараларды қолға алдық. Бәрі ұлттық болмысымызды көрсетуге бағытталған. Байқасаңыздар, мемлекеттік қызметкер болсын, ұстаз болсын күнделікті оюлы бешпет, шапан киіп жұмысқа барады. Қазақи әшекей-бұйымдар да модаға айналды. Бүгінгі ұлттық киімдер үлгісі де рухымызды асқақтатуға бағытталған, – деді облыстық мәде­ниет және тілдерді дамыту басқар­масының басшысы Самат Кәсенов.

Қазақилықтың иісі аңқып тұрған сән-салтанатты мерекеге мәдениет саласының қызметкерлері бір кісідей қатысты. Кіреберістен бас­талған шеру төргі жақтағы сахна маңына барып тоқтады. Дом­быра шанағынан төгілген әуен мен көмейден шыққан ән атшапты­рым залды сілкіндіріп жіберді. Ал заманауи үлгідегі қазақи шапан мен қамзол киіп шыққан қыз-жігіт­тер­ге көрермен сүйсіне қарас­ты. Наурыз қарсаңындағы ұлттық киімді ұлықтаған облыс пен қала бас­шылығына қатысушылар мен көрер­мендер алғыстарын жау­дырып жатты.

 

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар