Астанада Наурыз мейрамына орай ауқымды дрон-шоу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда әкімдігінің ақпарынша, 21 наурыз күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Қазақ Елі» алаңында қала аспаны ерекше жарық сахнасына айналады. Тұрғындар мен қала қонақтарына ұлттық нақыштағы анимациялық композициялар ұсынылады.
Әкімдік мәліметінше, әуе кеңістігінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін символдар мен көріністер көркем түрде өріледі. Дрондар арқылы жасалған бұл көріністер заманауи технология мен ұлттық мазмұнның үйлесімін көрсетпек.
Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді
Айта кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында елордада 200-ден астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында мерекелік концерттер, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер мен түрлі шеберлік сабақтары бар.
Наурыздың рухын асқақтатқан ән