• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 17:00

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты

10 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Керуен сарай» кешеніне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді.

Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады.

Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтаған еді.

Соңғы жаңалықтар