• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:30

Бүгін елімізде қандай жолдар жабық?

20 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарының қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді. 2026 жылғы 24 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еліміздегі кейбір жол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының күрт көтерілуі мен қардың қарқынды еруіне байланысты жол негізі шамадан тыс ылғалданып, жол жамылғысында ойықтар  пайда болған. Осыған байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы қиындаған. Қауіпсіздік мақсатында «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30 шақырым аралығында (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сонымен қатар, Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» автожолында («Қалқаман» жол айырығы маңы) көпір құрылымының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелген. Бұл учаске Қалқаман ауылына кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жолды қамтиды.

Алты аймақта жол жабылады

Ал Шығыс Қазақстан облысында күрделі таулы аймаққа байланысты Осинов асуында қыс мезгілінде (2024-2025 жж.) жүк көліктеріне, әсіресе тіркемесі бар көліктерге шектеу қойылған. Бұл шектеу 46-66 шақырым аралығында (Северный ауылына бұрылыс – Серебрянск қаласына бұрылыс) әрекет етеді.

Алдағы екі тәулікте ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктердің болжамынша, 24-26 наурыз аралығында Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +28 градусқа дейін көтеріледі. Жалпы республика бойынша тұман күтіледі, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ сақталады.

Соңғы жаңалықтар