Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Облыс әкімінің айтуынша, инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары өсім көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асты. Инвестициялық портфельде 101 жоба бар.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 460 миллиард теңгеге жуықтады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 550 миллиард теңгеден, ал сауда саласында 2 460 миллиард теңгеден асқан.
407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, 29 мың адам еңбекпен қамтылған.
Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл 17 440 жұмыс орнын ашу (І тоқсанның қорытындысы бойынша 3 317 жұмыс орны ашылды) қарастырылып отыр.
Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Әлеуметтік салада АӘК алушылар саны азайып келеді.
Ауылдық аумақтарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріледі. Былтыр ұзындығы 856 шақырым болатын жолдар мен көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталған.
Президент «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады