«Атырау» футбол клубы 100 пайыз «Caspian Football Group» ЖШС-нің қарамағына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл қадам Мемлекет басшысының кәсіби спортты дамыту және футбол клубтарын жекеменшік секторға кезең-кезеңімен беру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Клубтың жаңа иесі Болат Қайроллаұлы Қонарбай.
Жаңа басшылық өңірдегі футболды дамытуға басымдық бермек. Алдағы уақытта балаларға арналған футбол академиясын ашу, жасөспірімдер футболын дамыту, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және Атыраудағы футболдың деңгейін көтеру жоспарланып отыр.
«Астана» футболшысы әлем чемпионатында ойнайды
Мамандардың пікірінше, клубтың жекеменшік басқаруға өтуі қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беріп, өңірдегі футболдың дамуына серпін береді.