• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 17:11

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін Жапонияға цунами қаупі төнді

Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 7,8 болатын жер сілкінісі болып, салдарынан 32 адам қаза тапты. Сондай-ақ табиғи апаттың салдарынан Жапонияның бірқатар жағалауына цунами қаупі төнді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ табиғи апаттан 200-ден астам адам жарақат алған, олардың көпшілігі зақымданған ғимараттардың ішінде зардап шеккен. Сонымен қатар жағалауда биіктігі 1 метрге жеткен цунами тіркелген.

Дженерал-Сантос қаласында бірнеше ғимарат құлап, негізгі инфрақұрылым жер сілкінісінен зақымданған. Сондай-ақ кем дегенде бір жағалаудағы ауылда цунами салдарынан ғимараттар қирады.

Алматы маңында болған жер сілкінісі үш облыста сезілген

Айта кетейік, жерасты дүмпулерінің эпицентрі халқы шамамен 697 мың адам тұратын Генерал-Сантос қаласынан солтүстікке қарай 51 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Филиппиннің Азаматтық авиация басқармасы (CAAP) жер сілкінісі мен цунами қаупіне байланысты Генерал-Сантос қаласындағы әуежайдың уақытша жабылғанын хабарлады.

Филиппин президенті Фердинанд Маркос кіші Минданао аралындағы кейбір аймақтарда оқу орындарындағы сабақты уақытша тоқтатуға бұйрық берді. Жер сілкінісі осы аралдың оңтүстік жағалауында болған. Елдің президенті үкіметтік мекемелерге апат салдарын жою бойынша жұмысты үйлестіруді, гуманитарлық көмек көрсетуді және эвакуациялық орталықтардың жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

Сонымен қатар жер сілкінісінен кейін Жапонияның бірқатар жағалау аймақтарында цунами қаупі жарияланып, биіктігі 1 метрге дейін жетуі мүмкін толқындарға байланысты ондаған мың тұрғынға эвакуациялану ұсынылған.

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді

Соңғы жаңалықтар