Жол апатынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол апаты 7 маусым күні сағат 23:00-де Абай мен Пушкин көшелерінің қиылысында болған. Жолда КамАЗ бен Hyundai Solaris көліктері соқтығысқан.
Оқиға кезінде өрт сөндіру көлігі Абай көшесімен жедел шақыртуға бара жатқан, ол уақытта жарық және дыбыс сигналдары қосулы болған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қызметтік тексеріс тағайындалған. Ақмола облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасына құқықтық баға береді.
Полиция мәліметінше, Hyundai Solaris көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті.