«Жас қанат – 2016» жас әншілердің республикалық байқауының алғашқы концерті 20 мамыр күні өткен болатын. Бұл күн тек қатысушылар ғана емес, қазылар алқасы үшін де аса толқымалы сәттерге толы болды. Әсіресе, Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Мәдина Садуақасова, Жанар Дұғалова сынды жасқанаттықтарға концерт ерекше тосын сый тартыпты. Олар «Жас қанат» байқауының мұрағатындағы бейнежазбадан өздерінің өнер көрсеткен кездерін тамашалап, өткен күнге саяхат жасады.
Сайысқа қатысушы өнерпаздар бұл жолғы бәйгеден өздерінің өнер жолына үлкен сабақ алып қана қоймай, Астана қаласымен де кеңінен танысып үлгерді. Олай дейтініміз, жарысты ұйымдастырушылар үміткерлердің әрбір күні әсерлі болуы үшін қаламыздың көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырған болатын. Солардың соңғысы әрі қатысушылар үшін ең маңыздысы елорда әкімдігіндегі кездесу болды. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өнерлі өрендермен жүрекжарды әңгіме қозғады. «Жас қанаттың» енді-енді аяққа тұра берген кезеңіне көз жүгіртіп, жас дарындарды қанаттандырды. Кездесу соңында қатысушылар бір ауыздан «Айттым сәлем қаламқас» әнін тарту етіп, ризашылықтарын жеткізді. Әкім орынбасары естелік кітаптар мен гүл шоғын табыстады.
Сонымен, сайыс қорытындысына келетін болсақ, үш күн бойы үміткерлердің арасынан үздік болып, өзінің өнерімен көрерменді де, қазыларды да ерекше таңғалдырған Парасат Отан оза шығып, жарыстың жеңімпазы атанды. Екінші орын Қарағандыдан келген «Үш жүз» тобына бұйырса, үшінші орынды оралдық Айбек Дәулетқалиев еншіледі.
Сондай-ақ, мерейтойлық гала-концертте еліміздің танымал әншілері Мәдина Садуақасова, Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, «Меломен» тобы, Нұрлан Абдуллин, Нұржамал Үсенбаева, Ерлан Көкеев, Бақыт Шадаева, Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19