Сурет:kapital.kz
«Кселл» компаниясы activ music, activ TV және activ ұсынатын Bookmate (OTT-сервистер) атты жаңа сервистер жұмысының алғашқы нәтижесін шығарды.
БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс атап өткендей, OTT-сервистер іске қосылғаннан бергі үш айда қосымшаларға жазылғандардың қатары 50 мың адамға жеткен.
Жаңа сервистер арасында activ ұсынатын Bookmate ең танымал қосымша болып отыр: ақпан айынан бері 25 мың адам бұл қызметтің жазылушысы атанған. 18 мың адам activ music-ке жазылса, 6 000 қолданушы activ TV сервисінің көрермені болу туралы шешім қабылдаған.
Қарап отырсақ, ұялы оператор абоненттеріне түрлі қызметті ұсынып қоймай, қандай кітаптар мен әншілер сұранысқа ие екенін де анықтап, біліп отырады. Мәселен, қазақстандық әншілер арасындағы activ music сервисінің ең көп тыңдалған трегі Қайрат Нұртастың «Байқа» әні болды. Ал Александр Воробьевтің «Сумасшедшая» атты әні ресейлік орындаушылар арасында ең жиі тыңдалған ән ретінде танылды. Шетелдік әндер ішінде Drake ұсынатын «Hotline Bling» трегі ең көп тыңдалған екен. Сервистің ең танымал плейлистерінің рейтингін «аctiv TOP 30» бастады.
Ал телеарналарды көруге мүмкіндік беретін activ TV сервисінің ең көп қаралған ТОП-3 тізімінде 31 арна, 7 арна және КТК көш бастайды. «Спорт» қосымша топтамасы да Kcell және activ абоненттері арасында танымал болып отыр.
Алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша activ ұсынатын Bookmate сервисінде қазақстандық қолданушылардың сұранысына ие болған кітаптардың ТОП-10 тізімі анықталды. Рейтингтегі алғашқы орында ағылшын жазушысы Джоджо Мойестің «Сенен кейін» атты кітабы тұр. Екінші орынға Стейс Крамердің «Өзіме қол жұмсағанға дейін 50 күн» атты шығармасы жайғасса, америкалық психолог Роберт Чалдинидің «Ықпал ету психологиясы» үшінші орыннан көрінді.
Сол сияқты. «Түнгі барлау» (авторы Сергей Лукьяненко) және «Кремльдің бүкіл әскері» (авторы Михаил Зыгарь) кітаптары ең жылдам оқылған шығармалар атанды. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы аталған уақыт ішінде үзінділері дәйексөз ретінде ең көп келтірілген кітап болып танылды.
Қысқасы, қазақстандықтар ұялы телефон арқылы Джоджо Мойесті оқып, Қайрат Нұртасты тыңдап, отандық телеарналарды қарағанды ұнатады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
• 24 Мамыр, 2016
Қазақстандықтар қай кітаптарды оқиды, қай әншіні тыңдайды?

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19