Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен қор ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ, әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды трендтер талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев ХВҚ-ның Өңірлік конференциясын Астана экономикалық форумы қарсаңында Қазақстанда өткізу туралы шешімнің біз үшін маңызды қолдау болғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Халықаралық валюта қорымен ынтымақтасып келе жатқанын айтты.
– Қор қызметкерлері алғашқы жылдары техникалық және қаржылық тұрғыдан зор көмек көрсетті. Бұрынғы кеңестік өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына дейін көп нәрсені жүзеге асыра алды. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы да әлемдік экономика сияқты күрделі кезеңді бастан өткеруде. Бұған бірқатар факторлар, соның ішінде шикізат ресурстары бағасының төмендеуі, қазір біз жүзеге асырып жатқан құрылымдық реформалардың кешіктірілуі, сондай-ақ, Ресейге қатысты ахуал мен Қытайдағы экономикалық жағдай ықпал етіп отыр. Соған қарамастан, біз ІЖӨ төмендеуіне жол бермей, оң динамиканы қамтамасыз еттік және оны биыл да сақтаймыз деген үміттемін. Біздің республика алты жылдан бері экономиканың шикізат ресурстарына тәуелділігін азайту шараларын жүзеге асырып жатыр, – деді Қазақстан Президенті.
К.Лагард бірқатар мемлекеттер үкіметтерінің экономикалық блогының басшылары бірінші рет қатысқалы отырған Өңірлік конференцияның табысты өтетініне сенім білдірді.
ХВҚ басқарушы директоры сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа қормен арадағы серіктестіктің жолға қойылғаны үшін алғыс айтты. Осы серіктестік аясында Қазақстанға қажетті қолдау, соның ішінде техникалық сипаттағы қолдау көрсету жалғасып келеді.
Сонымен қатар, К.Лагард елді экономикалық, индустриялық және инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі Қазақстан жүзеге асырып жатқан реформаларды ХВҚ қолдайтынына назар аударды.

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30