Қоғам • Бүгін, 15:32

ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде ажырасқан жұптар неке куәлігін жыртуды трендке айналдырды. «Азаматтарға арналған үкімет» бұл әрекеттің дұрыс еместігін ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды

Фото: Ашық дереккөз

Неке куәлігі – ресми құжат. Ол некені мемлекеттік органдарда тіркегенін дәлелдейді, сонымен бірге отбасылық мәртебені және жұбайлардың құқықтарын растайды.

Өткен жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген: Астана көш бастап тұр

Құжатты бүлдіру – заңсыз әрі шығынға әкеледі:

  • Құжатқа шағын зақым келгенде де ол жарамсыз болып қалуы мүмкін;
  • Ламинация жасау да құжатты бүлдіру деп есептеледі;
  • Құжат бұзылған жағдайда дубликат алу үшін ХҚКО немесе eGov қызметіне жүгіну қажет;
  • Екінші нұсқаны алу үшін өтініш, жеке куәлік және тіркеу төлемінің түбіртегі болуы тиіс.

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Ажырасу кезінде рәсімдік тәртіп сақталуы тиіс. Қағидалар бойынша, куәлік тек сотта немесе АХАЖ-да (Азаматтық хал актілерін жазу) ажырасуды тіркегенде ғана алынады.

Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?

 

Соңғы жаңалықтар