Таяуда Қазақ ұлттық өнер университеті Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар арасындағы дарынды жасөспірімдер шығармашылығының «ШАБЫТ-МЕРЕЙ» І республикалық байқауын өткізді.
Байқауға қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай (І – 7-9 жас; ІІ – 10-13 жас; ІІІ – 14-16 жас) үш топқа іріктеліп, өнер көрсетті. Байқау Жамбыл атындағы концерттік залда эстрадалық ән салу жанры бойынша өткізілді. Аталған өнер байқауының аясы кең. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 25 үміткер өзара бақ сынасты. Онда, әсіресе, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, отаншылдық, туған жер, бейбітшілік және келісім, халықтар достығы, ізгілік пен мейірім тақырыптарына ерекше басымдық берілген екен.
Байқау жеңімпаздарына Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева және эстрада жұлдыздары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Азамат Жылтыркөзов, сондай-ақ, Маржан Арапбаева, Арайлым Рақымқызы, Тельман Нүркенов, Димаш Құдайбергенов секілді белгілі өнер иелері өз аттарынан жүлделер тапсырды.
Бас жүлдені мүмкіндігі шектеулі балалар арасынан оқ бойы озық шыққан астаналық Хан Валерия иеленді. І орын Аллаберген Әбеуов, Алина Қасенова мен Данил Платицинге бұйырды.
Ал жетім балалар санатындағы Бас жүлдені павлодарлық дарынды жасөспірім Карина Мамырова, І орынды «Нұр Астана» вокалдық тобы мен «Айгөлек» квинтеті жеңіп алды. Сонымен қоса, 2, 3, 4-орын иегерлері анықталып, арнайы жүлделермен марапатталды.
Байқауға қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Игілікті іс-шарада балалар шаттыққа бөленіп, мерейлері тасыды. Көңілдері көтеріліп, мәз болысты. Алдағы уақытта да осындай сауабы мол шаралар жиірек өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.
Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА

Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше