Кеше Сыртқы істер министрлігінде журналистерге брифинг беру кезегі Қазақстанның Канададағы елшісі, Ямайка мен Доминикан Республикасында Төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарушы Константин Жигаловқа келді.
Елші алдымен Канада туралы айтып, оның Батыс жарты шардағы жер көлемі ең үлкен ел екенін атап өтті. Алайда, оның басым бөлігін тундра мен тайга басып жатыр екен. Бір қызығы, Канада күні бүгінге дейін формальды түрде Ұлыбританияға қарайтын ел деп саналады. Елизавета ІІ патшайымның Канададағы өкілі генерал-губернатор. Алайда нақты билік премьер-министрдің қолында, бұл қызметті 2015 жылдың қазанынан бері Джастин Трюдо атқарып келеді.
Канада – мұнайдың барланған көлемі бойынша дүниежүзінде 3-ші орын, ал газ бойынша 22-ші орын алатын мемлекет. Жердің 16 пайызы ауыл шаруашылығы мақсатына қолдануға жарамды. Астық өндіру мен мал өсіру бойынша Канада әлемдегі озық елдердің қатарында тұр. Бұл елдің өнеркәсібі де жоғары дамыған, ал банк жүйесі әлемдегі ең тұрақтылардың қатарында екен. 2007-2008 жылдардағы қаржы дағдарысында бірде-бір банк банкротқа ұшырамапты. Жан басына шаққандағы ІЖӨ үлесі – 44 мың доллар, бұл Канаданы әлемнің жоғары дамыған жеті мемлекетінің қатарына енгізеді.
Канаданың Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасы барлық салада қалыпты жағдайда дамып келеді. Президент Н.Назарбаевтың бұл елге жасаған алғашқы ресми сапары 2003 жылы болған. 2013 жылы Қазақстанға Канаданың Сыртқы істер министрі Дж.Бэрда ресми сапармен келіп, сапар барысында атомды бейбіт мақсатқа пайдалануда ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойылған. Қазақстан мен Канада арасындағы екіжақты сауда айналымы 2014 жылы 7 млрд. АҚШ доллары көлеміне жеткен. Бұл көрсеткіш Қазақстанды Канаданың посткеңестік елдер ғана емес, бүкіл Шығыс Еуропа елдеріндегі әріптестерінің алдына шығарған.
Канада бүкіл әлемге танымал 18 аса ірі порттың иесі, жыл сайын оларға 310 млн. тонна жүк келіп тұрады. Канада сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, бұл елдің 2010-2014 жылдардағы Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 11 млрд. доллар болған. Инвестицияның негізгі бөлігі мұнай-газ және өңдеу салаларына бағытталған. Қазір Канада Қазақстандағы инвестор елдердің арасында алдыңғы ондыққа енеді. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстаннан Канадаға бағытталған инвестиция көлемі 2015 жылы 12,1 млн. АҚШ долларын құрапты.
Елшінің айтуынша, екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық бойынша да іске асырыла бастаған жобалар көп екен. 2014 жылы елшіліктің ұйымдастыруымен Қазақстанның Канададағы күндері өтіпті. Бұл екі елдің 22 жылдық ынтымақтастығындағы ең үлкен мәдени шара болды, деді елші. Былтыр осы бағыттағы байланыс Канадада Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шараларымен жалғасқан көрінеді.
Сонымен қатар, К.Жигалов Ямайка мен Доминикан Республикасы сияқты шағын мемлекеттермен де Қазақстанның ынтымақтастығы туралы айтып өтті. Бұл елдермен басқасынан гөрі туристік индустрия саласындағы әріптестік жоғары көрінеді.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10