АСТАНА. 26 мамыр. Ұлыбритания астанасы Лондонда арнайы ұйымдастырылған аукционда белгілі ақын, драматург Уильям Шекспирдің шығармалар жинағы 3 миллион 600 мыңға сатылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, оның арасында 1623 жылы жарық көрген кітаптар да бар. Бұл аукцион ағылшын қаламгерінің қайтыс болғанына 400 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Бәссаудаға қойылған шығармалардың барлығын америкалық коллекционер сатып алған. Алайда, оның есімі жария етілмей, жасырын күйде қалды.
Айта кетейік, Уильям Шекспирдің құрметіне орай, Ұлыбританияда бірқатар іс-шаралар өтіп жатыр. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осыған дейін Лондон қаласындағы кітапханалардың бірінде көрме ұйымдастырылған. Көрмеде ақын өміріне қатысты көптеген заттар қойылды.
Уильям Шекспир – ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны. Өмірінде кем дегенде 12 трагедия , 16 комедия, 6 тарихи хроника жазып кеткен. Оның пьесалары әлемнің барлық тілдеріне аударылған. Шығармалары ағылшын тілінің дамуына зор үлесін қосты. Мәселен, көптеген сөз тіркестері қанатты сөз ретінде күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: inform.kz.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22