Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен болған палата отырысында екі халықаралық құжат ратифицияланды. Палата Қазақстан мен Ресей арасындағы Ресей аумағында орналасқан Қазақстанның теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан аумағында орналасқан Ресейдің теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған Хаттама жоғарыда аталған келісімнің 12 және 14-баптары алып тастауды көздейді. Енгізілген өзгерістер жүктерді тасымалдау кезінде келісілген саясатты жүргізуге және тарифтерді есептеуде екіұшты түсіндіруге жол бермеуге мүмкіндік туғызады.
Сенаторлар Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) де ратификациялады.
2016 жылғы 17 ақпанда Астанада жасалған Келісімнің мақсаты макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау, кірістердің тұрақты өсу қарқыны есебінен экономиканың тиімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Келісімге сәйкес ХҚДБ республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін біздің елімізге 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қарыз береді. Қарыз қаражаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қолдауға және экономиканы ынталандыру және экономикалық өсуге жәрдемдесу жөніндегі Үкіметтің стратегиялық шараларының орындалуына мүмкіндік береді. Қарыз 2,5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі.
Отырыс барысында сенатор Ж.Нұрғалиевтың «Агробизнес-2020» бағдарламасына республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы, С.Ақылбайдың жедел іздестіру қызметін құқықтық реттеудің ғылыми тұжырымдамасын және «Жедел іздестіру қызметі туралы» жаңа заң әзірлеу қажеттігі туралы, Е.Мұқаевтың санитарлық тұрғыда жоюға жіберілген, бруцеллезбен ауырған ауыл шаруашылығы малының құнын өндіруге қосымша мақсатты трансферт бөлу туралы, М.Бақтиярұлының білім беру жүйесін кезең-кезеңімен ағылшын тіліне көшіру туралы, Р.Ахметовтің Батыс Қазақстан облысында кіші авиация ұшуларын қалпына келтіруге қаржылай қолдау көрсету туралы, Батыс Қазақстан облысындағы Киров – Шежін арнасын жаңғыртудың екінші кезеңін қаржыландыруды қолға алу туралы, Н.Оразалиннің Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына еліміздің еңбек сіңірген әртістерін тіркеу туралы, Ж.Ерғалиевтың елді мекендерді радиохабарларын таратумен қамтамасыз ету туралы, Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы ауыл шаруашылығы мекемелеріне жанар-жағармай жеткізу туралы «ҚарЭнерго-көмір» ЖШС-нің келісімшартты орындамағаны туралы депутаттардың сауалдары жария етілді.
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22