Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев міндеттеген тапсырмалар бойынша Ассамблея мүшелерінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
Алқалы отырыста Ассамблея Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мемлекеттік маңызы зор «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мен жалпыхалықтық «Қайырымдылық керуені», «Қамқор» патриоттық жобасы секілді бірқатар бағдарламалардың жүргізілу барысын пысықтаумен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысын ұйымдастыру мен алдағы уақытта өзге де пайдалы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қарады.
Кеңесте сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының тапсыруымен Ассамблея тарапынан атқарылып жатқан игі істердің маңыздылығына тоқталып, ел ішінде «Қазақстан» телерадио кешенімен бірлесе жүргізген жалпыхалықтық «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 1000-ға тарта адамнан өтініш түскенін, нәтижесінде 500-ден аса азаматтың түйткілді мәселесі оң шешімін тапқанын жеткізді.
Сонымен қатар, Ералы Лұқпанұлы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі тақырыбында өткізілген жалпықазақстандық ашық диктант жазу үдерісін қорытындылай келе, бүгінгі Қазақстан қоғамының жаңа сапаға көшкендігіне, халықтың ұлттық идеяларға белсенді араласатындығына ризашылығын білдірді. Ұлт бірлігі мен мемлекет мәртебесін паш еткен игі шараға атсалысқан 140 мың қатысушының 45 мыңы ұсынылған тапсырманы «өте жақсы» орындағандығын айта келіп, мектеп қабырғасында шәкірттердің патриоттық санасын қалыптастыра түсу мақсатында «Қазақстан – бір ұлт, бір халық» тақырыбында сабақтар кестесін бекітуді ұсынды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдау мақсатында жүргізіліп отырған «Қамқор» патриоттық жобасы жөнінде атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, осы уақытқа дейін ынталы азаматтар тарапынан 29 миллион теңге жиналғаны мәлім болды.
Сондай-ақ, кеңейтілген кеңес барысында елімізде алдағы жылы өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстары да қозғалды. Ассамблея тарапынан көрме үшін этноауылдар құрылысын қамтамасыз ету мен көрмеден кейінгі уақытта ол нысандарды халық игілігіне жарату жоспары пысықталды.
Бұдан өзге, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі белді телеарналардың бірімен келісе отырып, еліміздегі түрлі ұлт өкілдері туралы танымдық фильмдер түсіру жобасын да талқылады.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22