Таяуда «Казцинк» ЖШС-нің Риддер тау-кен байыту кешені фабрикаларының бірінде төтенше оқиға орын алды. Фабрикаға қарасты өндірістік қалдықтар жиналған Таловский қоймасындағы сорғы стансасының қабылдау арнасына көп мөлшерде су келіп жатқаны анықталып, соның салдарынан оның жартысы Филипповка өзеніне құйыла бастаған. Кешікпей төтенше оқиғаның себептерін анықтау шаралары басталды. «Казцинк» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бастапқыда қолданыстағы су қабылдау коллекторы мен су қабылдау құдығының жұмысында қандай да бір кінәрат байқала қоймады. Таловский қоймасындағы су деңгейінің жоғарылығына байланысты апаттың көзін анықтау мүмкін болмағандықтан, мамандар жедел түрде тоған деңгейін төмендетті, байыту фабрикасының құрылғылары тоқтатылды. Апатты жою жөніндегі арнайы штаб құрылып, ластанған судың бастауын іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, Таловский қоймасынан құйылған судың көздері анықталды. Қоймадағы су мен қалдықтардың астыңғы қабатында қалған суды қабылдау құдығының құрылымы бұзылғандықтан, қалдыққа толы қойыртпақ қойманың коллекторы арқылы сусіңгіш каналды толтырып, Филлиповка өзеніне құйылғаны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, бұл 1980-1990 жылдары герметикаланған ескі құдыққа жатады.
Компанияның мәліметінше, қазір барлық қажетті шаралар атқарылуда. Қазаншұңқыр іспетті қойма ортасындағы тесікті бітеуге қиыршық тас, құммен бірге 40 тонна цемент жұмсалды. Ескі коллектордың сыртқа шығатын бөлігі тас материалдарымен бекітілді. Оған 10 мың текше метрге жуық қиыршық құм төселді. Тәулік бойы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, қалдық судың ағыны тоқтатылды. Байыту фабрикасы қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін іске қосылды. Ал тау-кен байыту кешенінің қалған бөлімшелері, оның ішінде кеніштер штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.
– Қоймада қышқыл жоқ. Цианид – 1, мырыш – 10-15, қорғасын – 1, мыс – 4, марганец 7-8 шекті концентрация мөлшерінде. Негізгі бөлігі таудың дисперсті қоймалжыңы. Оның 50 пайызы кремнит, 30 пайызы темір, қалғандары 20 пайызды құрайды, – деді компанияның бас экологы Қазтай Такеев. Сонымен бірге, «Казцинк» компаниясы нормадан жоғары қалдықтар үшін келтірілген шығынды мемлекеттік органдардың бекітілген заңнамаға сәйкес анықтауы бойынша толығымен өтейтін болады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Риддер қаласы
PS: оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны газетіміздің сайтынан көре аласыздар.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22