Бүгінде қаладағы жер қатынастары бөлімі соңғы айларда күн-түн демей, тіпті, демалыссыз жұмыс істеуге көшіпті. Биылдың өзінде қала тұрғындарының жер алуға деген кезегі екі есеге ұлғайған. Бұның сырын ешкім түсіндіре алар емес, дегенмен жер халықтікі және оның иесі табылуы үлкен жетістік. Қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесовтің айтуынша, кезекке тұрған 10 000 семейлік жер алуға ниет білдіріпті. Соңғы төрт айда Семейде жер алуға 5 мың өтініш түскен.
– 2003 жылдан бастап Жер кодексіндегі бап бойынша, Қазақстанның барлық азаматтарына жеке құрылыс нысанын салуға 10 сотық жер тегін беріледі, – деді Қайрат Ерембесов, – бірақ, проблеманың бәрі осыдан келіп шығады. Жеке үйлер, шағын аудандар салынғанмен, ол жерлерде не ауыз су, жарық, яғни инфрақұрылым болмағандықтан, бұл күндері халық тұрмыстық-әлеуметтік тауқыметке кездесіп отыр. Сондықтан да 2007 жылы қаланың шетіндегі су құбыры мен электр энергиясы жоқ тұстарынан жер алуға мораторий жарияланды. Десек те, алдағы уақытта бұрынғы олқылықтарды қайталамас үшін қала шетіндегі төрт жаңа ауданда инженерлік жүйенің құрылыс жұмыстары басталып кетті.
– Семейдің 2011 жылы бекітілген бас жоспары бойынша, жекеменшік үй салуға 4 жаңа шағын аудан белгіленген. Бұл Компоселек, Ақсай, Ұшақтар және Суық бұлақ, – деді Семейдің сәулет және құрылыс бөлімінің жетекшісі Қалдыбек Қоқиланов. – Алдын ала есептеулерімізге қарағанда, бұл шағын аудандарда 4 мың жаңа жер телімдері беріледі халық игілігіне. Біз шұғыл түрде осы және қосымша қордағы шағын аудандарда жүргізілетін инженерлік инфрақұрылымдардың жобалау-сметалық құжаттарын дайындайтын боламыз. Қосымша Жарқын шағын ауданы мен Аққайың шағын ауданының арасы, нақты айтқанда, Аққайың мен Птичниктің арасында алдағы уақытта жер беру мәселесі қарастырылады. Қарағайлы шағын ауданындағы қазірде қызу түрде құрылысы жанданып жатқан инженерлік инфрақұрылымның аяқталуына облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге 2016 жылы бөлінді.
– Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана қала әкімдігі кезекте тұрғандарға жер телімдерін алуға рұхсат құжат береді, – деді Қайрат Ерембесов, – бірақ, бұл 2017 жылдың еншісіндегі шаруалар.
Жер мәселесі бойынша қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов былай деді:
– Бұл күндері Қазақстанда 10 соттық жер беру мәселесі қаралып жатыр. Семейге келетін болсақ, қала бойынша 10 мың адам шамасындағы тұрғын тізімге алынған. Барлық тіркеуге алынған өтініштер арнайы құрылған комиссияның қарауынан өтеді. Содан кейін ғана нақты шешім шығарылады. Бірақ, үйлерін салуын салып алып, сусыз, жарықсыз отыру бұл да күрделі мәселе. Сондықтан да берілетін жерлерге алдымен құбырлар, электр желілері тартылып, содан кейін ғана халық игілігіне беріледі.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47