Ақ бас Алатаудың етегін жайлап жатқан Жуалы ауданында күн электр стансасы салынып жатыр деген ақпаратты алғаш естігенде елдің бәрі аң-таң болғаны рас. Жарқыраған күнді сүйіп, күннен қуат алатын бұл электр стансасы күні ыстық, жазы ұзақ болатын Талас, Сарысу аудандарынан емес, табиғаты қатал, күзі ерте түсіп, көктемі кеш шығатын Жуалыдан орын тепкенін еш ақылға сыйдыра алмады. Әйтсе де оның өз себебі бар екен.
– Жуалы ауданының қоңырсалқын, бірқалыпты ауа райы күн электр стансасына өте қолайлы, – дейді «Burnoe Solar-1» ЖШС-нің директоры Нұрлан Қапенов. – Білесіз бе, күн панельдері шақырайған ыстықта қатты қызып кетеді. Бұл электр энергиясын өндірудің төмендеуіне әкеп соғады. Ал, осынау таулы аймақта үнемі салқын самал есіп тұратындықтан бұл қолайсыздықтың алдын алуға мүмкіндік бар.
Ел картасында жалпағынан жатқан Жамбыл облысының батысындағы қақпасы – Жуалы ауданындағы «Burnoe Solar-1» ЖШС міне, осылайша үлкен бір істі қолға алды. Баламалы энергия көздерін пайдаланатын бұл нысанның қуаты 50 мегаватты құрайды. Нұрлан Қапеновтің айтуына қарағанда, жобаның құны 23,5 миллиард теңге, стансаның қазіргі қарқынымен есептесек, кеткен шығын 15 жылда өз-өзін ақтайды. Мұнда 192 мың энергия өндіретін күн панельдері қолданылады. Бұл панельдер 25 жылға дейін жұмыс істеуге жарамды, бірақ, үнемі күтіп ұстап, жөндеп отырса бұл мерзімді 40 жылға дейін созуға болады. Өндірілген қуат қазір аудандағы ортақ энергия жүйесіне «құйылуда». Стансада бүгінде отыздан астам адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта нысанның қуатын 100 мегаваттқа дейін ұлғайту жоспары бар. Бұл 30 мың ауланы жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, осы өңірдегі электр энергиясына деген тапшылықтың болмауына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
– Еліміздің экономикасы қарыштап дамуы үшін электр энергиясының қажеттілігі өте орасан, – дейді бізбен әңгімесінде Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов. – Қазір Екібастұздағы үлкен қазандықта жағылған көмірдің күлі Астанаға дейін ұшып жетуде. Алдағы уақытта Балқаштан үлкен ЖЭО салынғалы жатыр. Сонда бұл алып қазандыққа күн сайын 4 жүк пойызымен көмір жеткізіледі екен. Бұл әрине, бір жағы үлкен шығын әрі экологияға зияны өте көп. Міне, сондықтан баламалы энергия көздерін көптеп өндіру кезек күттірмейтін міндет. Меніңше бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін осы істі қолға алғандарға субсидия беру мәселесін шешу қажет. Қашанғы бар ауырлықты халықтың қалтасына сала береміз? Бұл үшін «Жасыл экономикаға» көшу мәселесі бойынша «Баламалы энергия көздерін қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Осының арқасында 2020 жылға дейін елімізде баламалы энергия көздерінің үлесін 3 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Елбасы Н.Назарбаев былтырғы жылы Индустрияландыру күні аясында өткен жалпыұлттық телекөпір барысында «Қазіргі уақытта Жамбыл облысы жел энергиясын орнатуда алдыңғы орындардың бірінде деуге болады. Бұл тәжірибені барлық жерде дамыту қажет. Еңбектеріңізге рахмет» деген болатын. Шынында, Жамбыл облысы баламалы энергия көздерін дамытуда және оны пайдалануда республика бойынша алдыңғы орында келеді.
Соның ішінде «Burnoe Solar-1» ЖШС-нің күн электр стансасы Орталық Азиядағы ең ірі нысан болып есептеледі. Өткен жылы станса 38 420 151 кВт өндірді. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 73,18 млн. кВт-ға жеткізбек. Және басты ұраны «жасыл экономика» болып отырған ЭКСПО-2017 көрмесінде бұл станса жұмысы облыста баламалы энергия көздерін таратудағы ең тиімді жобалардың бірі ретінде таныстырылмақ.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47