Алғаш рет Қазақстан Республикасының әскери жоғары оқу орындарында курсанттар үшін жаңа мамандықтар енгізілді. Ал бүгінде жыл сайын әскери жоғары оқу орындарына 1 000-ға жуық азамат оқуға түседі.
Кадет корпусында немесе жоғары оқу орындарында болсын әскери оқу орындарындағы мамандықтардың тізбесі қайта әзірленді. Алғаш рет 2016-2017 оқу жылында Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының базасында әскери-медициналық факультетте оқыту басталады.
Құрлық әскерлерінің Әскери институтында «Әскери істегі менеджмент», «Әскери істегі логистика», «Әскери істегі юриспруденция» секілді мамандықтар ашылды.
Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында «Әскери істегі радиоэлектроника және байланыс» мамандығы пайда болды. Ол мамандық бойынша білім алғаннан кейін түлектер әскери салада ғана емес, сонымен бірге, азаматтық қызметте де жұмыс істей алады.
Бүгінде әскери білім қарқынды дамуда. Оқыту бағдарламасына әскери әдеп, көшбасшылық және әскери істегі басқару стилі сияқты пәндер енгізілді. Бұл курсанттардың жеке тұлғасын, көшбасшылық қасиеттері мен мінез-құлқын қалыптастыратын факторлар болып табылады. Жыл сайын Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының курсанттары шетелдерде тағылымдамадан өтеді. Тәжірибе жинақтап, өздерінің біліктілігін арттырады.
Бүгінгі таңда 2016 жылдың 15 маусымына дейін жалғасатын оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Әскери жоғары оқу орындарының курсанттары үшін оқуға арналған барлық жағдай, яғни толық әлеуметтік жиынтық, тегін оқу және тұру қарастырылған. Барлық түлек оқуды аяқтағаннан кейін 100 пайыз жұмыспен қамтылады.
«Егемен-ақпарат»

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22