Жер дегеніміз – ата-бабамыздан келе жатқан қасиетті ұғым, қастерлі дүние. Қазақтың құты, төрт түлік малы, бар байлығы мен берекесі жерде. Сондықтан, байтақ даламыздағы ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді дұрыстап пайдалануымыз керек. Жерді мал өсіруге, егін салуға немесе басқа да қажетімізге тиімді пайдалану – бүгінгі басты міндетіміз. Жер қашанда елді асыраған, елді сақтаған. Әлі де асырайды, сақтайды. Жасыратыны жоқ, гектарлап алынып, ұзақ жылдан бері тусырап жатқан жерлер елімізде жетерлік. Мұны көріп те, естіп те жүрміз. Сондықтан, мемлекетіміздің басты байлықтарының бірін халықтың игілігіне жарату керек. Жердің қазынасы – егінші мен малшының қолында.
Қай өңірде болса да жерді иемденіп алып, пайдаланбай отырғандар кездеседі. Олардан гөрі, жерді ұқыптап пайдаланушылар халықтың игілігіне қызмет етеді. Әлбетте, жерді баршасы да пайдаланғысы келеді. Бірақ тиімді пайдалануға жекелеген адамдардың қаржылық немесе техникалық мүмкіндігі жете бермейді. Үкімет соңғы жылдары ауыл шаруашылығына көп қолдау көрсете бастады. Айталық, жеке шаруашылықтарға қаржылай көмек, жаңа техниканы лизинг жүйесімен ұсыну сияқты жеңілдіктер бар. Мұны пайдалана білуіміз керек қой. Осы арқылы мал өсірсек, оның өнімі көл-көсір емес пе! Егін егіп, әмсе құс өсірсе де жер қадірін білетін жанның қолына тисе құны да еселеніп шыға келмей ме! Бұл ретте жекелеген шаруашылықтарды ірілендірудің маңызы зор. Өйткені, жеке адамның қолында жерді өңдеудің барлық техникасы жеткілікті бола бермейді. Бұрынғы кеңшарлардың тәжірибесімен малдың басын өсіруге, жердің құнарын арттыруға жағдай жасалуы тиіс. Бұл жерге ешқандай қиянат жасауға жол бермейді.
Еңбекке бейіл жандар таршылық көріп жүргенде, әлдебір адамдардың жерді пайдаланбай, бауырына басып жатуын құп көрмеймін. Болашақта Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі осы бағытта жаңа мүмкіндіктер тудырады деп ойлаймын. Қазір жергілікті теледидардағы, басылымдардағы жарнамаларды қарап отырсаңыз, қойшы мен бақташыға сұраныс үлкен екенін көресіз. Мал шаруашылығымен шұғылданатын адам азайып кетті. Алтын бесік ауылымыздан ағайындар көшіп жатыр. Қарттар ғана қалды. Жастар мал бағудан қашады. Сондықтан, жұмыссыз жастарды, білікті ауылшаруашылық мамандарын ауылға тартудың жобасын жасау керек. Осы бағытта ауылға баратын адамдарды ынталандыратын Үкімет қаулысы болса деп ойлаймын. Мәселен, ауыл шаруашылығына бет бұрушыларға келісімшарт негізінде баспана берілсе, 6 пайыздық несие берілсе, баласының оқу оқуына, өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасалса, зейнетақы жасына ерте шығуын қамтамасыз етсе деген сияқты көптеген кешенді жеңілдіктерді қамтитын бағдарлама қабылданар болса, ауылды да көркейтеді, жерді де игеруге септеседі. Бұл жастарды қызықтырады. Бүгінде Үкіметтің экономикалық мүмкіндігі бар. Біздің табысымыздың негізі ауылда. Ет те, сүт те, май да ауылда. Сондықтан, ауыл шаруашылығы жерлерінің дұрыс пайдаланылуына, құнарлылығын арттыруға заңдық тұрғыдан жол ашылады, яғни жерді пайдаланушылардың жұмыс жүйесі реттеледі деген сенімдемін.
Жерді шетелдіктерге жалға беруге халықтың алаңдаушылығын түсінуге болады. Жерді жалға алғаннан кейін, оны дұрыс пайдалана ма, заң аясында көрсетілген шарттар орындала ма, зиянды химиялық қоспалармен жерді бүлдіріп, тып-типыл қылып кете ме деген қорқыныш бар. Сондықтан, бұл мәселелер заңнама аясында жан-жақты ойластырылуы, Үкімет мүшелерімен, заң шығарушы органмен, халықпен әбден келісіп, пісірілуі керек. Жерді жалға алсаңыз, дұрыс пайдаланасыз, құнарын төмендетпейсіз, өнімін көпшіліктің игілігіне қауіпсіз деңгейде жаратасыз деген талаптардың баршасы орындалуы керек. Халықаралық сот арқылы да шешілмейтін мәселелер болады. Сол себепті жер мәселесінде сақтықтың болуы, сауаттылықтың қажеттілігі – заңдылық.
Балтабек ЕРСӘЛІМОВ,
«Абай» қорының президенті,
Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері
СЕМЕЙ

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47