Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық корпусы алқасының бірінші отырысы өтті.
Басқосуды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәжілістің IV және V шақырылымдарының депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан отырыс барысында ҚХА депутаттық корпусының алқа құрамы бекітіліп, оның төрағасы мен орынбасарлары сайланды. Нақтылай айтқанда, ҚХА депутаттық корпусы алқасының төрағасы болып IV, V шақырылым депутаты Егор Каппель бекітілді. Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов пен Надежда Нестерова (V шақырылым депутаты) алқа төрағасының орынбасарлары болып сайланды. Ал алқа мүшелігіне Парламент Мәжілісінің IV, V және VІ шақырылымдарының депутаттары енді. Олар: Жұматай Әлиев, Мұрат Ахмадиев, Владимир Божко, Валерий Вишниченко, Наталья Жұмаділдаева, Роман Ким, Ахмет Мұрадов, Шаймардан Нұрымов, Леонид Питаленко, Зухра Саяпова, Юрий Тимощенко, Розақұл Халмұрадов, Шахир Хахазов және Людмила Хочиева.
Өз кезегінде алқа төрағасы Егор Каппель өзіне сенім білдірген әріптестеріне алғысын айта келіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларынан туындайтын ауқымды міндеттер жөнінде сөз қозғады әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөліне тоқталып өтті.
ҚХА депутаттық корпусы алқасы төрағасының орынбасары Сауытбек Абдрахманов еліміздің бірлігі мен татулығы басты байлығымыз екенін айта келіп, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының мән-маңызын айрықша атап өтті.
Алқа жұмысының негізгі бағыттары, Парламент Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобымен бірлескен қызмет перспективалары, сондай-ақ, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасын іске асырып, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету барысы кеңінен талқыланған бұл отырыста Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев қазіргі таңда аталған салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде хабарлама жасады. Хабарламадан кейін жиынға қатысушылар тарапынан вице-министрге үш тілді оқыту жүйесі және «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқытылуы жөнінде бірқатар сұрақтар қойылды. Сауалдарға жауап берген Т.Балықбаев аталған мәселелердің алдағы уақытта әлі де талқыланатынын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде үш тілді оқыту жүйесі бойынша нақты тұжырымдама бар. Ал Е.Тоғжанов осы сауалдарға қатысты өз ойын айта келіп, мәселені жете зерттеп, пысықтай түсу қажеттігіне назар аударды.
Жалпы, ҚХА депутаттық корпусы алқасының алқашқы отырысында еліміз үшін өте өзекті мәселелер қозғалды. Бұл жаңадан жұмысын бастаған алқаның алдағы уақыттарда мемлекетімізге, қоғамымызға пайдалы, маңызды жобаларды жүзеге асыруға барынша атсалысатынын көрсетсе керек.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27