Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» компаниясының бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен Шетел инвесторлары кеңесі аясында кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ, жаңғырту саласындағы одан әрі ынтымақтастық пен отандық локомотив құрылысын дамыту перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы өзара ықпалдастық кезеңінде бірлескен жобалардың тиімді жүзеге асқанын атап өтіп, Шетел инвесторлары кеңесінің кезекті отырысына қатысқаны үшін Л.Симонеллиге алғыс білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бұл компаниямен денсаулық сақтау ісіндегі табысты ынтымақтастығына да назар аударып, осы саладағы серіктесті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Л.Симонелли Қазақстан Президентіне қабылдауы үшін алғыс айтып, құрылып жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында белгіленген жоспарлардың тиімді жүзеге асырылуына тілектестігін білдірді.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше