Бірінші сетте екі теннисші де өз доп беру геймдерін сенімді өткізді. Алайда есеп 4:4 болған сәтте Путинцева брейк жасап партияны өз пайдасына шешті.
Екінші сетте тартыс күшейе түсті. Ойын барысында қарсыластар бір-бірінің доп беруін бірнеше рет бұзды. 4:5 есебінде Валентова шешуші брейк жасап, сетте жеңіске жетті.
Шешуші үшінші сетте Путинцева басымдыққа ие болып, матчты 6:3 есебімен аяқтады.
Енді келесі кезеңде қазақстандық теннисші Марта Костюкпен кездеседі. Бұған дейін олар бір рет ойнап, жеңіс Костюкке бұйырған еді.
Үстел теннисі: Кирилл Герасименко ел чемпионатында үш алтын еншіледі
Mutua Madrid Open – 2002 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі беделді жарыстардың бірі. Ол ATP-1000 және WTA-1000 санатына кіреді. Биылғы турнирде чемпиондық атақты Каспер Рууд пен Арина Соболенко қорғап жатыр.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 9,6 миллион АҚШ долларынан асады.