Қазақ Географиялық қоғамы Shejire DNA жобасымен және норвегиялық ғалымдармен бірлесе отырып, Қазақстан мен Скандинавия арасындағы этнографиялық және мәдени байланыстар зерттелетін ғылыми жобаны жүзеге асыруда.
Алматы қаласында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы деректі фильм түсірумен, сондай-ақ ел тұрғындарының этногенетикалық сәйкестіктерін ғылыми тұрғыда зерттеп жүрген норвегиялық ғалымдар делегациясы өз еңбектерінің есебімен тілшілер қауымын таныстырды.
Халықаралық ғалымдар тобы «ежелде Орталық Азия үндіеуропалық тілдердің орталығы болған» деген болжамға сай, Қазақстан мен Скандинавия халықтарының этнографиялық және мәдени байланыстары туралы гипотезаны бірнеше жылдар бойы зерттеп келеді. Осы ғылыми жоба әлем ғалымдарының назарын өзіне аударып, елімізде норвегиялық «NRK» телеарнасы түсіріп жүрген ғылыми-танымдық бағдарламаның басты эпизодына айналып отыр.
Қазақ Географиялық қоғамының негізгі бағыттарының бірі – бүкіл әлемге Қазақ елінің мәдениетін, тарихын таныстыру болғандықтан, аталмыш жоба отандық географиялық қоғам тарапынан да зор қолдауға ие болуда.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткізілген бұл басқосуда норвегиялық ғалым әрі «NRK» телеарнасының журналисті Джо Рослиен журналистерге арналған шеберлік-сынып өткізіп, тарихшы-ғалым Струла Еллингваг, «Қазақ Географиялық Қоғамы» төрағасының орынбасары, Shejire DNA project директоры Нұрбол Баймұханов түрлі ғылыми тұжырымдамаларымен бөлісті.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53