Кеше Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының үшінші кездесуі өтті.
Іс-шараға Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы жоғары қаржы бақылау (мемлекеттік аудит) органдарының бірінші басшылары және өкілдері қатысты.
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов құттықтау сөз сөйледі.
Кездесуге қатысушылар экономиканың тұрақсыздығы мен жаһандық тәуекелдер жағдайларында мемлекеттік аудитті жүргізудің тиімділігін арттыру проблемаларын талқылады. Мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) саласындағы өзекті мәселелер және ынтымақтастық перспективасы жөнінде пікірлер алмасылды.
Кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бастап мемлекеттік аудитке көшу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, оның негізгі міндеті тек қаржылық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар, олардың туындау себептерін айқындау және алдын алу екенін атап өтті.
«Қалыптасқан экономикалық ахуал және ресурстардың шектеулігі жағдайларында мемлекеттік аудит органдары бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға барынша жәрдемдесулері тиіс. Осыған байланысты, біздің елдеріміздің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауының жоғары органдарының күш-жігерін біріктіру ШЫҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі», деді ол.
Есеп комитеті төрағасының айтуынша, жоғары қаржы бақылау (мемлекеттік аудит) органдарының ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылы аудиторлық іс-шаралар жүргізу, практикалық тәжірибемен және біліммен еркін және ашық алмасу, жаңа сын-тегеуріндерге ден қоюдың барынша өнімді әдістерін әзірлеу және мемлекеттік аудиттің нәтижелілігін арттыру жолымен әлеуетті өрістетуге және кәсібиліктің өсуіне жәрдемдесетін болады.
ҚХР бас аудиторы Лю Цзяи алдыңғы кезеңдегі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының өзара іс-қимылы туралы есепті баяндама жасады.
Сондай-ақ, Қырғызстан Есеп палатасының төрағасы Улукбек Марипов, Ресей Есеп палатасының аудиторы Александр Жданьков, Тәжікстан Есеп палатасының төрағасы Дилмурод Ашурбек және Өзбекстан Есеп палатасы төрағасының орынбасары Кахрамон Акмалов баяндама жасады.
Кездесудің қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЖҚБО ынтымақтастығы шеңберінде 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, бірлескен мәлімдеме және хаттама қабылданды.
«Егемен-ақпарат»

Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49