ПАВЛОДАР. 28 мамыр. Павлодарда мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 741 тынығу лагері ашылады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыс көлемінде ашылатын 741 лагерьдің 345-і – мектеп жанына орналасса, 376-сы – профильді, 6-ы – киіз үй, 4-уі – көшпенді лагерь және 10-ы – қала сыртындағы тынығу лагері. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы демалыс орындарында жетім қалған және көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 10 мың бала тегін демалады. Өңірдегі 8 мыңнан астам оқушы жазғы уақытта еңбек етіп, табыс таба алады. Олар аудандарындағы көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарына қатысады. Бұл мақсатқа бюджеттен 56 миллион теңге бөлінеді. Экологиялық тәрбие беру мақсатында 300-ден астам оқушы мектеп орманшылықтарында көшет отырғызып, арамшөп жұлумен айналысады. Шарбақты, Лебяжі, Железин аудандарында мемлекеттік «Ертіс орманы» резерваты, Баянауыл ауданында «Баянауыл» ұлттық табиғи паркі оқушылардың төлемақысына қаржы бөлген.
Фарида Бықай.
Дерек, фото: egemen.kz.
• 28 Мамыр, 2016
Павлодарда оқушылардың 741 жазғы демалыс лагері ашылады

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше