АСТАНА. 29 мамыр. АҚШ-тың Техас штатында толассыз жауған жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тосын табиғат апатынан 2 адам қаза тапқан, сондай-ақ 3 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды. Қазір апатты аймақта арнайы топ құрылып, құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал зардап шеккендер қауіпсіз жерлерге көшірілді.
Аталған штаттың тұрғындарына тек су тасқыны ғана емес, жойқын торнадо да зиянын тигізуде. Осының салдарынан 150 үй қирап қалған. Қазіргі таңда баспанасыз қалғандар уақытша үйлерге орналастырылды, ал жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілді.
Айта кетейік, АҚШ-та тосын табиғат апаты жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 10 сәуірінде соңғы 20 жылда болмаған торнадо соғып, Техас, Луизиана, Арканзас, Миссисипи, Теннесси, Миссури, Кентукки, Индиана штаттарында ондаған үй қирап, бірнеше тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.
• 29 Мамыр, 2016
АҚШ-та толассыз жауынның соңы су тасқынына ұласты

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше