АТЫРАУ. 30 мамыр. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен қалалық ішкі істер басқармасының екі полицейі 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Тергеу дерегіне сәйкес, полиция қызметкерлері 2015 жылдың шілде айынан бастап Атырау қаласында жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтарына өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, оларды қорқытып ақшалары мен ұялы телефондарын ашық тонаған. Сөйтіп, олар бірнеше рет Өзбекстан Республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан 800 мың теңгеден астам қаржыны жымқырып алған» деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Сот үкімімен полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 191- бабының 2 - бөлігінің 2, 3-тармақтарымен, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмыстық әрекеттері үшін кінәлі деп танылды. Сөйтіп, оларға құқық қорғау органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына, сонымен бірге, 4 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Фото: inform.kz.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27