Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қамқорлығымен Арал өңірінің экологиясын сауықтыру, экономикасын дамыту, халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында көптеген жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, өз шешімін таппай отырған мәселелер де бар.
Бүгінгі күні Арал ауданында 77 мың халық болса, соның ішінде 32 мыңнан астамы Арал қаласында тұрады. Қала орталығында 24 сор көл бар болатын. Оның 4-еуі көмілді. Тағы 4 көлді көму үшін тиісті жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Осы 4 сор көлді көмуге 186 млн. теңге қажет. Сорлар көмілсе, экологиялық жағдай жақсарып, олардан бөлінетін иістер азайып, ауа райы дұрысталып, адам денсаулығына жақсы әсері болады және құрғаған жерлерге құрылыстар, ойын алаңдары, гүлзарлар салынып, қала абаттанып көркейер еді.
Арал өңірінде жылдың басым бөлігінде жел, дауыл болатындықтан, көп жерлерде құм көші ауылдарды басуда. Аудандағы құм басқан Ақеспе, Шижаға, Сазды, Қосаман ауылдық округтерінің айналасына сексеуіл көшеттерін отырғызу арқылы құм көшкініне тосқауыл жасауға болады. Нәтижесінде осы елді мекендер құм басу қаупінен құтылып, жол қатынасы жақсарар еді және халықтың өмір сүруіне жағдай жасалып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейі артар еді. Құм көшкінін тоқтату үшін құмда өсетін сексеуіл, жыңғыл, дүзгін егуге қаражат қаралуы тиіс деп есептеймін.
Назар аударатын тағы бір мәселе – Арал теңізінен және көлдер жүйесінен Қытай ауларымен балық аулау. Осының салдарынан қазіргі кезде күрделі экологиялық жағдай туындап отыр. Қытай аулары құрылған теңіз бен көлдерде судан алынбай қалған балық өлекселері көбейіп кетті. Себебі, бұл аулар капрон аулар сияқты емес, суда шірімей ұзақ сақталады. Сондықтан осы аулар құрылған жерлерді тазалаудың тиісті іс-шаралары қарастырылып, теңіз және көлдердегі табиғат пайдаланушыларға Қытай ауларын қолдануға заң жүзінде тыйым салынуы қажет деп санаймыз.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді оң шешуге Үкімет тарапынан тиісті көмектер жасалады ғой деген үміттемін.
Геннадий ШИПОВСКИХ,
Мәжіліс депутаты

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27