Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұжым Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей сенің қалаңда» тақырыбында мәдени тур жобасын қолға алды. Осы жобаға сәйкес алғашқы беташар шара Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен Орал қаласында басталып кетті. Мұндағы мәдени тур бағдарламалары үш күнге созылмақ. Бұдан кейінгі кезекте өз бастауын Орал өңірінен алған аталмыш іргелі жоба еліміздің барлық аймағын қамтиды деп күтілуде. Өзінің мәні мен мазмұны, тарихи құндылығы және көрушілер мен тамашалаушыларға беретін әсері тұрғысынан мәдени-танымдық саяхаттың маңызды тұстары аз емес. Соның бірі әрі бірегейі – Тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналған «Алтын адам» жәдігері деуге болады. Осылайша «Алтын адам», жоғарыда айтылғандай, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық торқалы тойына дейін кең байтақ еліміздің барлық түкпірін аралап өтеді деп жоспарланып отыр. Еліміздің батыс қақпасынан, Еуропа мен Азия құрлықтарының түйіскен тұсынан бастау алған іс-шара барысында көрермен қауым назарына «Ұлттық музейге саяхат» және 3Д графикалық бейнероликтері ұсынылмақ. Бұл маңызды шараға ресми тұлғалар, музей ісінің мамандары және қалың жұртшылық өкілдері қатысады деп белгіленген. Ұлттық музей – өткен тарихымызды байыптап, рухани мұрамызды зерделейтін және бүгінгі дамуымызды бағамдайтын ірі мәдени орталық. Отанымыздың бай тарихын түгендеу, оның баянды дәстүрі мен шежіресін таныстыру, көнені көздің қарашығындай сақтау барша қазақстандықтардың айнымас парызы екені белгілі. Осы парызды ұғындыруға Ұлттық музей қызметшілерінің тигізіп отырған ықпалы аз емес. Барша отандастарымыз осы парызды терең түйсініп, терең түрде зерделей алса, Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін дәріптейтін жәдігерлердің тылсым сыры да ғасырлар қойнауынан суырылып ашыла түспек. Орал қаласында басталған мәдени тур жобасының ашылу рәсімі кезінде оған жиналған көпшілік қауым «Алтын адам» экспонатын тамашалады. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27