Байланыс және ақпарат қызметкерлерi күнi қарсаңында Астанада «Жылдың үздік баспасөз қызметi» байқауының жеңімпаздары анықталды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Назарбаев орталығы) өткен шараны Ақпарат комитеті мен Бас редакторлар клубы және «Қазконтент» АҚ ұйымдастырды.
Республикалық деңгейде алғаш рет өткен бұл байқауға мемлекеттiк органдар, әкiмдiктер мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерi мен баспасөз хатшылары қатысты. BNews.kz сайтында дауыс беру арқылы «Орталық атқару органының үздік баспасөз қызметі», «Жергілікті атқарушы органның үздік баспасөз қызметі», «Квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз үздік қызметі» және «Кәсіби құрмет» сынды аталым бойынша өз ісінің үздіктері арнайы сыйлықтармен марапатталды.
БАҚ өкілдерінің онлайн-режімде таңдау жүргізуі нәтижесінде «Орталық атқару органының үздік баспасөз қызметі» аталымы бойынша Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, осы аталымда ең көп балл жинағандар қатарында Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі де бар.
Ал «Жергілікті атқарушы органның үздік баспасөз қызметі» аталымына Алматы қаласының әкімдігі мен Астана әкімдігі және Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметтері лайық деп танылды. «Квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз үздік қызметі» аталымы бойынша «ЭКСПО» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Бәйтерек» холдингінің бұқарамен байланыс қызметтері БАҚ өкілдерінің көңілінен шыққан.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған арнайы «Кәсіби құрмет» аталымы Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Ернұр Уәлиге берілді. Мұндай марапатқа Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов пен Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Алмас Сәдубаев та ие болды.
Салтанатты рәсім аясында «Ең оперативті баспасөз хатшысы» аталымы бойынша ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың да еңбегі ескерусіз қалмады.
Айта кетейік, ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұқарамен байланысты жандандыра түсетін әрі баспасөз қызметінің беделін арттыратын мұндай байқау бұдан былай жыл сайын өткізіліп тұратын болды.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Астана

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:06
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15