Мәліметке сәйкес, авиациялық қауіпсіздік көрсеткіші 62 пайыздан 95,7 пайызға дейін артқан. Бұл Қазақстанның жаһандық рейтингте үздік 20 ел қатарына енуіне мүмкіндік берген.
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
Сондай-ақ 2025 жылы елдегі жолаушылар ағыны пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 80 пайызға өскені айтылды. Ұшу қауіпсіздігі бойынша көрсеткіш 2009 жылғы 47 пайыздан 2025 жылы 82 пайызға дейін жетіп, әлемдік орташа деңгейден (69,3%) және еуропалық көрсеткіштен (76%) жоғары нәтиже көрсетті.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары құтқарушылардың жұмысын қалай жеңілдетті?
Ведомство өкілінің айтуынша, маңызды қадамдардың бірі Қазақстанның Чикаго конвенциясы баптарына енгізілген түзетулерді ратификациялауы болды. Бұл шешім Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) кеңесіне Қазақстанның кандидатурасын ұсынуға және ұйымның басқару органдарының құрамын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Нұрболат АМАНБЕК