28 Маусым, 2016

Суретке толы нан пісірді

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-06-16-hleb

Жапон наубайшы кесіл­ген кезінде белдеуінен бес түрлі түспен бес нәрсенің суреті көрініп тұратын нан ойлап шығарды. Өзіне konel_bread деген ник, яғни жалған ат беріп қойған наубайшы аталмыш нанды пышақпен кескенде қырынан бес түрлі түске боялып көрініп тұратын етіп жасаған. Ол әлеуметтік желі­де пайда бол­ғаннан жұрттың талқы­лауына түсіп кеткен. Кескен кезінде бұл нанның ортасынан леопардтың теңбіл белі, зебраның жолақ жоны, қарбыздың тілігі, сондай-ақ, апельсин, киви секілді бұйым­дардың кескіндері шыға келеді. Автор суреттері бар нан жабу­дың технологиясын ешкімге айтпай, әзірге барынша құпия ұстап отыр. Ол сонымен бірге, суши жа­бушы шебер үшін мұның еш­қандай құпиясы жоқ екенін де айтып қояды. Мұрат АЙТҚОЖА