29 Маусым, 2016

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау

1937 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Гүлшара ӘбдіқалықМемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөнінде өткен ведомствоаралық кеңеске қатысты. Бас прокуратурада өткен кеңеске Парламент депутаттары, Қа­зақ­стан Республикасының Прези­денті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Бас прокуратура жанындағы Консультативтік кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда қоғамдағы тұр­мыстық зорлық-зомбылық про­фи­лактикасы ісіндегі заңнаманы жүзеге асыруға байланысты барлық қажетті шаралар қабыл­данып жатқанын атап өтті. Соң­ғы жылдары елімізде осы сала­дағы заңдылықты нығайту жөнінде пәрменді заңнама­лық және практикалық шаралар қа­былданды, тұрмыстық сипат­тағы қылмыстардың алдын алу жөнін­дегі құқықтық тетіктер қалыптас­тырылды. Кеңесте атап өтілгендей, тұр­мыстық сипаттағы зорлық-зом­бы­­лықтың профилактикасы туралы салалық заң қабылданғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгере бас­тады. Құқықтық акт тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отба­сылық жанжал ту­дырушыларға қатысты қыл­мыс­тық-процестік тұр­ғыда мәж­бүр­леудің қажетті әдістерін пай­да­лануға және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Профилактикалық жұмысты жандандыру және әкімшілік-құқықтық шараларды қолдану өз нәтижесін берді. Соңғы төрт жыл ішінде тұр­мыстық сипаттағы қылмыстар саны екі есе азайды. Алайда, тәжірибе көр­сеткендей, әйел адамдарға қатыс­ты жазаланатын қылмыстық әре­кеттер жасаған адамдардың жауап­кершілігін күшейту үшін қолда­ныстағы заңнамаға өзгерістер енгізу керек. Тұрмыстық сипаттағы зор­лық-зомбылыққа тап болған адам­дарға арналған дағдарыстық ор­та­лық­тардың жұмысы негізінде бір­ыңғай әдістеме әзірлеу қажет. Биылғы І тоқсанның қорытын­дысы бойынша, тұрмыстық си­пат­­тағы қылмыстың 54,4%-ға кө­бей­гені байқалады. Елімізде зор­лық-зом­былық сипатындағы қылмыс­тардың 60%-ға жуығы отбасында жасалады. Бұдан туын­даған агрес­сиялық көңіл-күй сырт­та да жалға­сып, өзге ауыр қыл­мыстарды жасауға себепші болады. Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ, әйелдер көп жағдайда өз жұба­йының немесе отбасы мүше­лерінің тарапынан тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық құр­банына айналғанын жасыратынына тоқталды. Соның салдарынан тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбандары одан әрі тексеру жүргізгенді қаламай, сотқа шағымданбайды, сондықтан ішкі істер органдары сотқа жіберген материалдар қараусыз қалады. Тек 2015 жылы ғана отбасылық жан­жал тудырушы 2 мың адам жауап­кер­шіліктен құтылып кеткен. Гүлшара Әбдіқалықова тұр­мыс­тық сипаттағы зорлық-зом­былықтың алдын алу сала­сын­дағы заңнаманы әрі қарай жетілдіру бойынша жұмыс жүр­гізу қажет екенін атап өтті. Заң барша халыққа түсінікті және әр адам үшін қалыпты норма болуы үшін қызмет ету керек. Біз әйел адам­д­арға медициналық, құ­қық­тық, пси­хологиялық көмек көрсету жө­нін­де мемлекет­тік кепілдіктерді қа­лай нығайта­ты­нымыз туралы айту үшін жинал­дық, деді Мемлекеттік хатшы. Бұдан кейін сөз алған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жағдай 2009 жылдың жел­тоқсанында «Тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың профилак­тикасы туралы» Заңның қабыл­дануымен жақсара түскенін мәлімдеді. Атап айтқанда, заңдық норма қабылданғаннан кейін ішкі істер органдарының қызмет­кер­лері тарапынан 260 мыңнан аса қорғау нұсқауы толтырылып, соттар тарапынан 22,5 мың жүріс-тұрыс ережесі бекі­тіп бе­рілген. Енді отбасының бере­ке­сін кетірушінің алкогольді ішім­­дікті тұтынуына 3 айдан 1 жыл­­ға дейін мерзімге тыйым са­лы­на­ды. Жалпы, заңдық нор­­ма­­ның қабыл­дануы жыл са­йын тұр­­мыс­тық зор­лық-зом­бы­­лық көр­сет­кішін 10 пай­ыз­ға төмен­дету­­­ге мүмкіндік беруде. 2005 жы­лы 1600 осындай қыл­мыс жа­­сал­­­­­с­а, 2015 жылдың қоры­тын­ды­­сы бо­­­йын­ша көрсеткіш үш есеге қыс­­қарған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша сотта отбасындағы зор­лық-зомбылық әрекеттері бо­йын­ша 23 мың әкімшілік құқық бұзу­шылық ісі қаралса, 2015 жы­лы оны қылмыстық құқық бұзу­шылыққа алмастырғаннан кейін бар-жоғы 627 жазаға тарту шешімі шығарылған. Әкімшіліктік қамауда ұстау мерзімінің 48-ден 3 сағатқа дейін қысқаруы да тәжі­ри­беде көптеген проблемалар тудыр­ған. Өйткені, араққа сылқия тойып алған бұзақы үш сағатта есін жинай алмайды, сондықтан отбасына қайта барып, ауыр қылмыс жасап жатады. Сондай-ақ, отырыста Қазақ­стан Республикасындағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева қазіргі таңда елімізде 5,5 миллион бала бар екенін айтты. Соның 2 миллионы мектепке дейінгі жастағы балалар болып табылады. Бұл ретте 140 мың бала мүмкіндігі шектеулі балалар болса, 10 мыңға жуығы жетім және әке-шешелерінің қамқорлығынсыз қалғандар. Балал­ардың отбасындағы зор­лық-зомбылыққа куә болуы олар­дың болашағына кері әсерін тигізетін болады. Бұл өз кезе­гін­де қоғамның бұзылуына, еліміз­дегі еңбек өнімділігі мен эконо­ми­ка­сының өсіміне теріс ықпал етеді. БҰҰ Балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный өз кезегін­де отбасындағы зорлық-зом­бы­лықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп отырғандығына назар аудартты. 2009 жылы БҰҰ Балалар жөніндегі комитеті зорлық-зом­былық мәселесіне байланысты өзіндік ұсыным жасаған болатын. Онда балаларды жазаламау туралы тұжырымдар көрініс тапқан. Осыған орай ата-аналармен және балалармен жұмыс істейтін мекемелерге осы жайттарды түсіндіру қажет. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың психология­сына зор күйзе­ліс әкелетіндігі түсінікті. Балаға қол жұм­сау олардың өзін төмен баға­лауы­на, сабағының нашарлауына әсер ететінін көрсетіп отыр. Сон­дық­тан осы бағытта зерттеу жүргізіліп келе­ді. Сонымен қатар, ведомство­ара­лық кеңес отырысында Бас прокурор Жақып Асанов сөз алып, күн тәр­тібіндегі мәселенің өзектілігіне тоқталды. Көшедегі агрессияның бір себебі – отбасын­дағы жағдай. Үйден ызамен шық­қан адам өшін өзгеден алады. Адамдардың қоғамдық жер­лердегі және көліктегі теріс қылық­тары, көп жағдайда, отбасында болып жатқан жағдайлардың көрі­нісі, деді  Жақып Қажманұлы. Ста­тис­тика бойынша Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық сипа­тындағы қылмыстардың 90 пайызға жуығы әйел адамдарға қатыс­ты жасалады, егде адамдар мен ба­лалар зорлық-зомбылық әрекет­терге тап болатын жағдай­лар да аз емес. Сондықтан да бас­ты мақсат тұрғындардың сана-сезімін өзгерту­дің жаңа жолдарын іздестіру, осы проб­лемаға деген көзқарасты өзгерту болып табылады. Жалпы айтқанда, кеңеске қаты­с­у­шылар құзыретті құры­лым­дар­дың өзара келісілген іс-қимылын қам­тамасыз етудің, тұр­мыстық сипат­тағы зорлық-зом­былықты тоқта­ту және оның алдын алу тетік­терін жетілдіруге бағытталған тиімді құқық­тық және тәжірибелік шаралар қа­был­­даудың маңызы туралы айтып өтті. Бұл жұмыстың сәтті жүруі­не мем­­лекет пен азаматтық қоғам инс­­ти­туттарының бірлескен күш-жіге­рінің жұмылдырылуы, соның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын нақты шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың іс-қимылдары ықпал етпек. Кеңес соңында Мемлекеттік хатшы тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылықты түбірімен жою үшін құзырлы мемлекеттік органдар жүзеге асыруға тиіс бірқатар міндетті айқындап берді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»