Спорт • Бүгін, 19:54

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Фото: Таеквондо федерациясының баспасөз қызметі

Отандасымыз А. Серікбаева 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, финалда мексикалық спортшы Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медалді 2006 жылы жеңіп алған екен.

Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды

Айта кетейік, бұл жарыста Қазақстан құрамасы жалпы үш медаль еншіледі.

Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған.

Таеквондошылар әлем чемпионатында қос қола жүлде жеңіп алды

Соңғы жаңалықтар