Фото: Ерлан Әлиасқаров[/caption]
Алматы облысы, Қарасай ауданында австралиялық қондырғының көмегімен жемісті сығу арқылы Қазақстанда ең бірінші болып «ECO JUICE» шырыны шығарылуда. Дәмі тіл үйіретін бал шырынның ерекшелігі құтысында болып тұр. Қант пен бояуды жолатпай тек жемістің сөлін ғана сығып құйылған ыдысын ашып, шөліңізді басқан соң қалғанын үш айға дейін сақтауға болады. Осы уақыт аралығында сусынның дәмі бастапқы қалпынан өзгермей балғын қалпын сақтайды. Республикамызда алғаш рет қолданысқа енген бұл технологияның басты ерекшелігі немесе ұтымды тұсы сусын құйылатын бэгинбокс - қораптағы қалта деп аталатын пакетте шағын шөлмек орнатылған. Тұтынушылар алма, алмұрт, сәбіз және қызылша шырынын өзге тетропакеттер сияқты емес, тек қораптағы белгіленген орыннан осы шөлмекті шығару арқылы ыдысқа құйып ішеді.
«Ауданымыздағы 100 жуық бау-бақша бірлестігінен жиналған өнім іріктеліп, өңделіп осы бір өндіріс орнында бір сағатта 500 литр шырын шығарылады. Сонымен қатар 150 келі алма тосабы алынады. Негізі 2008 жылы «Kazakh Cool» деген атаумен өз ісін бастаған серіктестіктің негізгі мақсаты жемісті өңдеп, сақтау болатын. Бірден 2200 тонна өнімді германиялық технология арқылы ұзақ мерзімге дейін сақтай алатын камераларымен ерекшеленеді. Заманауи жоғары технологиялы жеміс-жидек қоймасы қазіргі таңда тек атауын өзгертіп қана қоймай, жаңа серпілістер мен мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Осылайша, нарыққа жаңа жылдан бастап шығып, ешқандай қантсыз, қоспасыз дәмі тіл үйіретін шырыны алдағы уақытта қазақстандық дүкен сөрелерінен ғана орын алып қоймай, алыс-жақын шетелдерге де экспортталмақ» деді Қарасай ауданының әкімі Махабат Бигелдиев.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ
Алматы облысы,
Қарасай ауданы

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46