Ақтөбелік кәсіпкерлер екі өндірісті пайдалануға берді. Жаңа бизнес нысандарының ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
Облыс орталығында 300 атаудан астам кондитерлік өнім және жылына 5 мың келі тұшпара шығаратын, дүкені, кафетерийі және тұшпараханасы бар кондитерлік цех ашылды. Жаңа өндіріс орнына кәсіпкер Зәуреш Еркіналина 100 миллион теңге қаржы салған.
«Ваниль» кондитер цехы 2007 жылдан бері жұмыс жасап келеді, өнімдеріне сұраныс жоғары. Қазіргі таңда компаниялар тобында 130 адам еңбек етсе, олардың 30-ы жаңа өндіріске жұмылдырылып отыр.
Өңір басшысы өндіріс учаскесі мен сауда залы орналасқан жаңа цехты аралап көрді. Цех, кафетерий және тұшпарахананың жалпы ауданы 400 шаршы метрді құрайды. Мұнда кондитер, шоколад, нан өнімдері мен тұшпара, «Удон» жылдам әзірленетін кеспе және басқа да тағамдар өндіріледі.
Содан кейін облыс әкімі «ТКФармАқтөбе» ЖШС дәрі зауытын аралап, салтанатты жағдайда капсула түрінде қатты дәрі өндіретін цехты іске қосты. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолданысқа беріліп отырған кәсіпорын директоры Жаңагүл Төреханова облыс басшысына кәсіпорында медициналық, фармацевтік және химия-технологиялық білімі бар 50 адамның жұмыс жасайтынын жеткізді.
– Біз дәрілік препараттардың, медициналық сипаттағы өнімдердің көтерме және бөлшек саудасымен, сонымен бірге, дәрілік жабдықтар өндірісімен айналысамыз. Препараттар өндіру зауыты халықаралық GMP талаптарының барлық стандарттарына сай салынған, – деді директор әңгіме арасында.
2016 жылдың ақпан айында кәсіпорынның GMP – СТ РК 1617-2006 «Дәрілік жабдықтар өндірісі. Тиісті өндірістік тәжірибе. Негізгі ережелер» стандарттар талаптарына сәйкестігі тексерілді. 2014 жылдан бері зауыт мия майы шырыны, термопсис, пертуссин экстрактілері бар мия майының шырыны секілді сұйық дәрілік препараттар шығара бастады. Өндірілетін өнім ассортиментін кеңейту мақсатында «ТКФармАқтөбе» СК капсула түрінде қатты дәрілік препараттар өндіретін цехты іске қосты, флуканазол, лоперамид, активтендірілген көмір, доксициклин және грипповир секілді препараттар шығаруға рұқсат алды.
Бұдан басқа екі тіс емдеу мекемесі пайдалануға берілді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Бүгін, 21:10
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Бүгін, 21:05
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Форум • Бүгін, 20:50
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:20
Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты
Елорда • Бүгін, 20:04
Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 19:45
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19
Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды
Президент • Бүгін, 19:06
Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 18:56
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
Спорт • Бүгін, 18:20
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Қоғам • Бүгін, 18:15
Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:02
Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 17:47
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Шаруашылық • Бүгін, 17:46